«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне онлайн-экскурсия

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне онлайн-экскурсия

2020 жылдың 28-29 қазанында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымдардың жеке құрамымен, сондай-ақ ауысымнан бос қызметкерлерімен "Абылай хан резиденциясы" мұражай кешенінде экскурсовод Әлиасқар Жасұланұлы және Айтолқын Құнанбайқызының қатысуымен онлайн экскурсия ұйымдастырылды. Қызметкерлер тікелей эфирге мұражайдың Instagram желісіндегі ресми парақшасына қосылды. Онлайн экскурсия барысында өз өмірін ұлы мақсат – халық мүддесіне қызмет етуге арнаған мемлекет және әскери қайраткер Абылай ханның өміріндегі негізгі оқиғалармен танысты. Жаңа технологиялардың арқасында мұражайды ерекше бұрыштан қол жетімді түрде көрсету мүмкіндігіне ие бола отырып, виртуалды турда мұражайдың 4 залы ұсынылды, әсіресе ұлттық киім мен қару-жарақ үлгілері есте қалды.

Бірінші орын Абылайдың шежіресімен, оның балалық шағы мен есейген жылдарымен таныстырады. Ол 20 жасында хан болып сайланды, ал оның шын аты — Әбілмансұр. Мұнда қару — жарақтың қызықты топтамасы-білтелі мылтық, қазақтың ұлттық қылыштары, қалқандар жиналған.

Екінші залда Абылай ханның палаталары бар, онда дәстүрлі ағаштан жасалған сүйекті кереует, кілемдер, сандықтар және басқа да интерьер заттарын көруге болады.

Абылай үйінің үшінші залында ханның мүсіні қойылған. Мұнда оның әшекейлері, сақина мөрі, қару-жарақтары, ерлер мен әйелдерге арналған киімдер, дәстүрлі тұрмыстық заттар қойылған.

Төртінші бөлме ханның сауатты дипломат ретіндегі тұлғасына арналған. Залда Абылайдың Ресей және Қытаймен қарым-қатынас орнатудағы, сондай-ақ өз халқының мемлекеттілігін нығайтудағы саясаты туралы баяндайтын түрлі тарихи құжаттар сақталған. Қиын тарихи кезеңде Абылай бірлікті сақтап, мемлекеттің тәуелсіздігін қорғай алды.

Онлайн экскурсия өте қызықты түрде өтті, жеке құрам өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға экскурсовод сәйкес жауаптар берді. Онлайн-экскурсияның бұл форматы жастарды патриотизмге және тарихты тануға тәрбиелеуге бағытталған. Патриотизм халықтың салт-дәстүрімен және бүкіл өмір салтымен, қоғамның күшімен қалыптасады.

 

 

Бастықтың орынбасары

МӨСБ-2 г. Кокшетау

азаматтық қорғау капитаны                                               А. Д. Қажкенов