Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық акцияның 4 кезеңі

Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық акцияның 4 кезеңі

  Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі айлығының IV кезеңін өткізеді, ол ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 ақпанына дейін жалғасады.

  Айлықтың шеңберінде Бурабай ауданының аумағында барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы құрылымдар мен еріктілерді тарта отырып, кең ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды. Аулаларды аралау жүргізіледі, оның барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріледі, пешті жылыту мен электр жабдықтарының жай-күйін тексеру жүзеге асырылады.

  Азаматтарға ақпараттық жадынамалар таратылады, өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері түсіндіріледі, сондай-ақ көміртегі тотығы мен түтін датчиктері орнатылады. Бүгінгі таңда Облыстың тұрғын үйлерінде көміртегі тотығы мен түтінді анықтайтын 11 мыңнан астам датчик орнатылған, оның ішінде ағымдағы жылыту кезеңінде — 1898 датчик.

  Айлықты өткізу өрт қаупін азайтуға және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.