
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев және Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов Ақмола облысындағы «Қазақалтын» ЖШС-нің «Бестөбе» кенішіне барды.
Қатысушылар өндірістік бақылауды ұйымдастыру тәртібімен және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету шараларымен танысты. Жерасты қазбаларына бөгде адамдардың заңсыз кіруі (заңсыз алтын іздеушілер) мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сапар барысында жұмыс тобы 790 метр тереңдіктегі шахтаға түсіп, онда жұмыстардың орындалу шарттарымен, рұқсат беру тәртібімен, персоналды алып жүру тәртібімен, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементтерінің жұмыс істеуімен танысты.
Сондай-ақ Ақмола облысының Бестөбе ауылындағы № 30 өрт сөндіру бекетіне барды. Онда вице-министр жеке құрамның қызмет атқару жағдайымен танысып, бекеттің жабдықталуы мен инфрақұрылымын қарап шықты.
Сапар қорытындысы бойынша қолжетімділікті бақылауды күшейту, рұқсатсыз кірудің алдын алу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның уәкілетті мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі басым шаралар айқындалды.