Ақмола облысы ТЖД техникасын толықтыру

Ақмола облысы ТЖД техникасын толықтыру

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қарамағына 3 бірлік техника түсті: екі қарда жүретін көлік және командалық-штабтық машина. Техника Астана қаласының ТЖД гарнизонынан берілді. Келіп түскен қарда жүретін көліктер жедел әрекет ету және қол жетпейтін және қарлы жерлерде адамдарды құтқару үшін пайдаланылады. Командалық-штабтық машина оқу-жаттығу кезінде де, нақты төтенше жағдайларды жою кезінде де құтқарушылардың іс-әрекеттерін үйлестіруге арналған. Ақмола облысы ТЖД құтқарушылары қызметтің материалдық-техникалық базасын қолдағаны және нығайтқаны үшін Астаналық әріптестеріне шын жүректен алғыс білдіреді. Бірге қауіпсіздік күзетінде!