"Ақмола облысының қысқы қауіпсіздігі"

"Ақмола облысының қысқы қауіпсіздігі"

 Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қысқы кезеңдегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған брифинг өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық полиция департаментінің өкілдері қатысты. Ақмола облысы ТЖД өкілі 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өтуі және өрттің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Жылыту кезеңі басталғаннан бері облыс аумағында 183 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% - ға аз (2024-2025 жж. — 208 өрт). Алдын алу мақсатында іс-шаралар кешені жүргізілуде: 159 мыңнан астам тұрғын үй қамтылды, халықпен жиындар ұйымдастырылды, 2 344-тен астам түтін мұржасы тазартылды. Ақмола облысы полиция департаментінің өкілі көктайғақ пен қатты аяз кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды мұндай брифингтер өткізу халықтың хабардар болу деңгейін арттыруға және қысқы кезеңде төтенше жағдайлар тәуекелдерін азайтуға бағытталған.