Ақмола облысындағы" Пиротехника " акциясының қорытындылары туралы

Ақмола облысындағы" Пиротехника " акциясының қорытындылары туралы

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Пиротехника"республикалық акциясының қорытындысына арналған брифинг өтті. Пиротехникалық бұйымдардың заңсыз саудасының жолын кесу мақсатында ТЖД қызметкерлері полиция департаментімен, Техникалық реттеу және метрология басқармасымен, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен бірлесіп өнімді сақтау және өткізу орындары бойынша 165 рейд жүргізді.

Іс-шаралар барысында 285 пиротехникалық бұйым тәркіленді, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 66 әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында білім беру ұйымдарында 10 мыңнан астам оқушыны қамтитын қауіпсіздік бойынша 40-қа жуық интерактивті сабақ өткізілді.