Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қопа көлінде мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға және халыққа қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертуге бағытталған профилактикалық рейд жүргізді.
Іс-шара барысында ТЖД қызметкерлері су айдынының жағалау сызығында орналасқан қысқы Аттракциондардың орналасу орындарын қарап шықты. Демалыс аймақтарының иелерімен квадроциклдер мен қарда жүретін көліктерде мұзға шығуға жол бермеу туралы түсіндірме әңгімелер өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша демалыс аттракциондарының иелерінің біріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412 — бабы бойынша-су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін әкімшілік хаттама жасалды. "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы" №34 бұйрыққа сәйкес көлік құралында мұзға шығуға қатаң тыйым салынады. (соның ішінде квадроциклдер, қарда жүретін көліктер және т. б.)
Рейдке жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасаған полиция өкілдері де қатысты.
Сонымен қатар, құтқарушылар балықшылармен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Оларға қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері, сондай-ақ әлсіз мұзға шығу қаупі туралы еске салынды.
Ақмола облысының ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және өз өмірін негізсіз тәуекелге ұшыратпауға шақырады.