
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Көкшетау қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағы қоймаларының бірінде шартты өртті жою бойынша оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығулар қауіпті өндірістік объектілердегі төтенше жағдайларға ден қоюға жоспарлы дайындық шеңберінде өтті.
Оқу-жаттығу аңызына сәйкес, өрт ауыл шаруашылығы саласындағы қызметпен айналысатын кәсіпорынның қоймасында болған. Шартты төтенше жағдай кезінде қоймада бір тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары болды, бұл ықтимал химиялық қауіпке байланысты сөндіру кезінде ерекше тәсілді қажет етті.
Шартты өртті жоюға жеке құрамның 32 адамы және мамандандырылған техниканың 8 бірлігі тартылды. Жаттығу сценарийі жауап берудің барлық негізгі кезеңдерін қамтыды: ескерту, жағдайды барлау, шартты өрт ошағын оқшаулау және сөндіру, сондай-ақ шартты зардап шеккендерді эвакуациялау.
Барлық іс-шаралар үйлесімді және бекітілген жоспарға сәйкес орындалды. Оқу-жаттығудың мақсаты-бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтау және өрт және химиялық қауіптілігі жоғары объектілердегі өрттерге ден қоюға дайындығын тексеру.