
Ақмола облысының құтқарушылары «Газбаллон» республикалық акциясы аясында кең ауқымды рейдтік профилактикалық іс-шаралар жүргізді. ТЖД қызметкерлері газ құю станцияларын аралап, операторлармен түсіндіру жұмыстарын өткізді және өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын еске салды.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізушілермен де жұмыс жүргізілді: автокөліктердегі өрт сөндіргіштердің болуы мен жарамдылығы тексерілді, ал газбаллон жабдығы орнатылған көліктердің иелеріне олардың қауіпсіз пайдаланылуына қатысты кеңес берілді.
Назардан тыс қалмаған нысандардың бірі – жерасты паркингтері. Құтқарушылар ПИБ өкілдерімен және тұрғындармен кездесіп, көпқабатты үйлердің жерасты паркингтерінде газбаллон жабдығы бар көліктерді қоюға жол берілмейтінін еске салды. Сонымен қатар электромобильдерді зарядтауға арналған құрылғылар да тексерілді.
Барлық нысандарда және жүргізушілермен әңгімелесу барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидалары жазылған жадынамалар таратылды.
Анықтама үшін: биыл тұрмыстық газды абайсыз пайдаланудан 6 өрт, ал газбаллон жабдығы бар автокөліктерде 10 өрт тіркелген.