Ақмола облысының ТЖД демалыс күні өрттің алдын алу бойынша ауқымды акция өткізді.
Негізгі іс-шаралар Қызыл Жар ауылында өтті. Рейдтік профилактикалық жұмыстарға екі жүзге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері, М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары, азаматтық қорғау көпсалалы колледжінің студенттері, полиция департаментінің қызметкерлері және еріктілер болды.
Зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және әлеуметтік осал санаттағы тұрғындар тұратын ондаған үйге бару жүзеге асырылды. Сенбілік барысында көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатылды, мұржалар тазартылды, электр сымдары мен есептегіштер тексерілді.
Сонымен қатар ТЖД өкілдері «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Дайындық және жылыту маусымы басталғалы бері өңірде екі мыңнан астам көміртек тотығын анықтайтын датчик орнатылды.
Өрт қауіпсіздігі бағытымен қатар, құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында Копа көлі жағасында рейдтік іс-шаралар өткізді. Балық аулаушылармен және кәмелетке толмағандармен түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Бұл жұмыстарға полиция өкілдері мен волонтерлерде қатысты.