
Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері Көкшетау қаласындағы мектептердің бірінде педагогтар және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы — су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері болды.
Құтқарушылар аномалды жылы ауа райына байланысты мұздың әлсіз әрі қауіпті екенін атап өтті. Оқушыларға су айдындарында өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігі және қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны түсіндірілді.
Оперативтік-құтқару жасағының қызметкерлері мұз астына түсіп кеткен адамға қалай дұрыс көмек көрсету керектігін айтып берді.