20 жас сарбаз МЧС қатарына аттанды

20 жас сарбаз МЧС қатарына аттанды

Ақмола облысының ТЖ департаменті 28237 әскери бөлімі өкілдерімен бірлесе отырып, жас сарбаздарды зерделеу, іріктеу және топты жасақтау жұмыстарын жүргізді.

Іріктеу барысында шақырылушылармен жеке әңгімелесу өткізіліп, олардың денсаулық жағдайы мен психологиялық дайындығы тексерілді.

Жас толықтырудың бойын көтеру мақсатында Департамент салтанатты іс-шара ұйымдастырып, оған шақырылушылардың ата-аналары да қатысты. Шараның жылы атмосферасы алдағы қызметтің маңызын айқындады.

Іс-шара соңында Департамент бастығының орынбасары, подполковник Мұрат Қанғожинов сарбаздарға қызметтерін абыройлы өткеріп, елге мақтанышпен оралуға, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолында жоғары жетістіктерге жетуге тілек білдірді.

.