Коттедждер мен қонақ үйлерді тексеру

Коттедждер мен қонақ үйлерді тексеру

Ақмола облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілетін объектілердің тізбесін жоғары тәуекел тобына жататын қонақ үйлер мен коттедждерді қосу арқылы кеңейтті.

Осындай құрылыстардың иелерімен кездесулер барысында құтқарушылар өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына назар аударады, Үй-жайлар мен іргелес аумақты тексереді. Тұрғындармен және иелерімен түсіндіру әңгімелесу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша ұсыныс хаттар тапсырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдары жұмысқа белсенді тартылуда, бұл халықтың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы профилактикалық жұмыс жалғастырылатын болады