
Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қыс мезгілінің басталуы және жұқа мұздағы оқиғалар қаупінің артуы қарсаңында өңірдің оқу орындарында профилактикалық дәрістер өткізді.
2025 жылғы 7-14 қараша аралығында құтқарушылар күзгі-қысқы маусымда оқушыларға су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін үйретуге бағытталған қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырды. Әлсіз мұзға шығу қаупіне, оның беріктігінің негізгі белгілеріне, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, қауіпсіздік бойынша дәрістер педагогтарға да жолданды. Өткен материалды бекітуде балаларға қауіпсіздік ережелері бар жадынамалар табыс етілді.
Сабақтар барлығы 11 оқу орнында өтіп, 839 оқушыны қамтыды. Құтқарушылар тұрақты профилактикалық жұмыс жазатайым оқиғалар қаупін азайтуға көмектесетінін және балалардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратынын атап өтті.