Электромобильдерді қауіпсіз пайдалану мәселесі талқыланды

Электромобильдерді қауіпсіз пайдалану мәселесі талқыланды

Ақмола облысы ТЖД-да аккумуляторлық батареялардың зақымдануы, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде осы үлгідегі электромобильдер мен өзге де көлік құралдарын әкету, уақытша сақтау және кәдеге жарату орындарын (алаңдарын) анықтау тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишановтың төрағалығымен өткен іс-шараға Ақмола облысының Экология, полиция департаменті, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері қатысты.

          Талқылау барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, мамандандырылған алаңдарды айқындау тәртібі, сондай-ақ аккумуляторлық батареялармен жабдықталған көлік құралдарымен жұмыс істеу кезінде өрт және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

          Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нормативтік базаны одан әрі жетілдіру және осындай оқиғаларды жою кезінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.