Жұқа мұздың алғашқы құрбаны

Жұқа мұздың алғашқы құрбаны

Ақмола облысы ТЖД Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифинг өткізілді.

Өз сөзінде облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов аңшылық және балық аулау маусымының басталуымен полициямен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыс бойынша 1,5 мыңнан астам рейдтер мен патрульдер өткізілгенін атап өтті. Олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 10 адам тартылды.

Су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Маусым басынан бері 350 радио сөз сөйлеу, 5 брифинг өткізілді, 8 мыңнан астам жадынамалар мен буклеттер таратылды, әлеуметтік желілерде 211 материал орналастырылды және БАҚ-та 49 мақала жарияланды. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыс танымал мессенджерлер арқылы, кәмелетке толмағандардың ата-аналары тұратын топтарда белсенді жүргізілуде.

Қабылданған шараларға қарамастан, жұқа мұздың қалыптасу кезеңінде бір қайғылы жағдай тіркелді. Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Шортанды ауданының Дамса ауылында балық аулау үшін қалыңдығы 6-7 см әлсіз мұзға шыққан 1954 жылы туған ер адам суға батып кетті. Естеріңізге сала кетейік, бір адамның шығуы үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см болуы керек.

Брифинг соңында Бақыт Абланов су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, облыс тұрғындарын мұзға шығу кезінде өте сақ болуға шақырды.