
Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері Әділет департаментінің қызметкерлерін азаматтық қорғаныс негіздеріне оқытуды жүргізді
Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері өңірдің Әділет департаментінің қызметкерлері үшін оқыту сабағын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға слайдтар мен көрнекі материалдар ұсынылды, азаматтық қорғаныс саласындағы заңнаманың негізгі ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ Ақмола облысының Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы туралы айтылды. Төтенше жағдайлар кезінде халықты және аумақтарды қорғауды ұйымдастыру мәселелеріне, құлақтандыру сигналдарын алу кезіндегі персоналдың іс-қимылдарына және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібіне ерекше назар аударылды.
Өткізілген оқыту тыңдаушыларға азаматтық қорғаныс саласындағы білімдерін кеңейтуге және ықтимал төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылға дайындығын арттыруға мүмкіндік берді.
Ақмола облысы ТЖД