Ақмола облысының ТЖД-да өртке қарсы күрестің барынша тиімділігіне қол жеткізу және ықтимал шығындарды, сондай-ақ жарақат алу жағдайларын барынша азайту мақсатында өртті талдау бойынша іс-шара өткізілді.
Талдау үшін таңдалған нысан-өрт шыққан сауда және ойын-сауық орталықтарының бірі. Объектінің жедел-тактикалық ерекшеліктеріне, өртті сөндіру жөніндегі іс-қимылдарға және бөлімшелердің дайындық деңгейіне, сондай-ақ ТЖ жою кезінде болған оқиғаларға талдау жасалды. Өртті барлаудан бастап, өрт болған объект әкімшілігімен өзара іс-қимылға дейінгі барлық тармақтар атап өтілді.
Ақмола облысы ТЖД УСБ және АҚЖ бастығы Амангелді Доскенов бөлімшелердің іс-қимылын жетілдіруге және өрт сөндіру басшысы мен жедел штабтың тиімді жұмысына назар аударды.
Ақмола облысы ТЖД