Өрттің негізгі себептерін құтқарушылар атады

Өрттің негізгі себептерін құтқарушылар атады

Ақмола облысының ТЖ департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025-2026 жылдардағы жылыту кезеңінен өтуге арналған брифинг өткізді.

          Жылыту кезеңіндегі өрттің негізгі себебі, Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ержан Ғаббас электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзуды атады. Ағымдағы жылыту кезеңінде облыста барлығы 45 өрт болды.

          Өрт қауіпсіздігі айлығының үшінші кезеңін өткізу туралы да айтылды. Негізгі назар халықтың әлеуметтік осал топтарының (8912 отбасы) үйлеріне аударылды, онда түтін мен өртті болдырмау үшін 900-ге жуық пеш мұржалары тазартылды және қосымша 1,5 мыңға жуық датчик орнату жоспарлануда. Соңғы 3 жылда 6 ауданда (Степногорск қ., Астрахан қ., Есіл, Зеренді, Бұланды аудандарында және Біржан сал ауданында) 7 улы газ датчигі іске қосылды, олар 30 адамның өмірін сақтап қалды. Сонымен қатар, БАҚ және аулаларды аралау арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Ақмола облысы ТЖД