Болашақ құтқарушыларға арналған экскурсия

Болашақ құтқарушыларға арналған экскурсия

Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжінің студенттері Ақмола облысы ТЖД жоспарлау және жедел басқару орталығына барды.

Бұл енді орталықта өткізілген алғашқы экскурсия емес. Бұған дейін азаматтық қорғау академиясының курсанттары осында болған.

Азаматтық қорғау колледжінің студенттеріне жедел кезекшілердің жұмысы, төтенше жағдайларға ден қою бойынша жұмыстың барлық алгоритмі көрсетілді. Орталық бастығының орынбасары Жанар Төлеубаева бөлімшенің жұмысы туралы егжей — тегжейлі айтып, жоспарлау және жедел басқару орталығы департамент жұмысындағы маңызды орган екенін атап өтті.

Сондай-ақ, балаларға өрт қауіпті жағдай бақыланатын мониторинг жүйелері көрсетілді. Бұл экскурсия кәсіби бағдар беру және құтқарушы мамандығын дәріптеу аясында өткізілді.