Біздің қызымды құтқарғаныңыз үшін көп рахмет!

Біздің қызымды құтқарғаныңыз үшін көп рахмет!

Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Қуандықұлы Тасовтың атына Щучье қаласының тұрғыны Әнуар Шахметовтен алғыс хаты келіп түсті.

Хаттан: Құрметті Нұрлан Қуандықұлы! Едомский көшесінде орналасқан №58 көп пәтерлі тұрғын үйде өртті сөндіруге қатысқан Щучье  қаласы жасағының 5-МӨСБ және 6-МӨСБ жеке құрамына үлкен алғысымды білдіргім келеді. 5-МӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры Қ.Д.Өтепбергеновке, осы бөлімшенің орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Д.Қ.Мұқатовқа жеке рахмет, олар 2018 жылы туған менің қызым Айнар Әнуарқызын құтқарды, сіздердің қатарларыңыздағы батылдық, кәсібилік және осындай кадрлар үшін, тамаша жедел жұмыс және жеке құрамды дайындау, үйлесімді іс-әрекеттер, қызымды, сондай-ақ мені құтқаруға ықылас білдіргеніңіз үшін рахмет. Мүмкіндігінше осы қызметкерлердің жұмысын атап өтуіңізді сұраймын. Қызым мен үйімізді құтқарғаны үшін тағы да көп рахмет айтамын.

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы