
Біржан сал ауданындағы Үлгі ауылында тұрғын үйде өрт шықты. Өрт болған сәтте үй ішінде бес кәмелетке толмаған бала болған.
Олардың екеуі өздігінен сыртқа шығып үлгерген, алайда қалғандарын құтқара алмаған — жалын кіреберіс есікті шарпып үлгерген еді. Сол сәтте қасында болған ауыл тұрғындары Ерлан мен Мирас Токсанбаевтар көмекке келген.
Бір сәт ойланбастан, әке мен бала терезені сындырып, қою түтінге толы бөлмеден үш баланы сыртқа алып шыққан. Сонымен қатар, Ерлан Токсанбаев үйдің электр желісін ажыратып, екі газ баллонын шығарып үлгерген. Бұл үлкен жарылыстың алдын алды.
Бірақ бірнеше минут өткен соң үй ішінде жарылыс болған — үйде барлығы төрт газ баллоны болған. Қалған бір баллонды оқиға орнына келген Ақмола облысының құтқарушылары сыртқа шығарып, өртті 36 шаршы метр аумақта сөндірді.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі — ақаулы электр сымдарынан болған қысқа тұйықталу. Үйге негізгі зиян газ баллонының жарылуынан келген.
Ерлан мен Мирас Токсанбаевтардың ержүрек және батыл әрекеттерінің арқасында Құтқарушылар күнінде үш бала аман қалды.
Токсанбаевтар отбасының бұл ерлігі – нағыз батырлықтың, ерліктің және адамгершіліктің үлгісі.
Қазіргі уақытта ер азаматтарды мемлекеттік наградаларға ұсыну рәсімдері жүргізілуде.