Ақмола облысының құтқарушылары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шара «Көкшетау» мәдениет сарайында өтті.
Мерекелік жиын қонақтарын соңғы жылдары қызметке алынған заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасының көрмесі қарсы алды.
Салтанатты бөлім Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтың құттықтау хатын оқудан басталды. Министр өз құттықтауында құтқарушылардың кәсібилігі мен адалдығын жоғары бағалады.
Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов өз сөзінде құтқарушылардың еңбегіне тоқталып, олардың арқасында ондаған адам өмірі сақталып, жүздеген оқиға жойылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол қуанышты жаңалықпен бөлісті — жақын уақытта департамент қызметкерлеріне тұрғын үй алу үшін төлемдер басталатынын хабарлады.
Іс-шара барысында үздік қызметкерлерге ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған төсбелгілер, сондай-ақ ТЖ министрі мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Сонымен қатар, департамент қызметкерлерінің күшімен түсірілген, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегіне арналған бейнебаянның тұсаукесері өтті.
Мереке ТЖД және мәдениет басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.