Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты-азаматтық қорғау қызметтері мен басқару органдарының төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету қабілетін тексеру және жетілдіру. Іс-шара нақты жоспарға сәйкес екі күнге созылды.
Оқу-жаттығудың бірінші күнінде азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға дайындығы тексеріліп, теориялық іс-қимылдар пысықталды. Оқу-жаттығуға түрлі ұйымдар, өрт сөндірушілер, жедел медициналық көмек, полиция және басқа да мамандандырылған бөлімшелер қатысты.
Екінші күні бейбіт уақыттан әскери және практикалық сабақтарға көшу пысықталды.