Степногорск қаласында күкірт қышқылын өндіретін кәсіпорында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді.
Аңыз бойынша «SSAP» ЖШС күкірт қоймасында электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан күкірт шаңы тұтанып, улы газдар бөлінді.
Оқу-жаттығу барысында зауыт аумағындағы кәсіби өрт сөндіру қызметінің іс-қимылдары пысықталды: кәсіпорын қызметкерлерін эвакуациялау, барлау жүргізу және екі шартты зардап шегушіні құтқару іс-шаралары өткізілді.
Оқиға жағдайына байланысты Степногорск қаласының ТЖБ және шұғыл қызметтері қосылды. Барлық қатысушылардың іс-қимылдарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.
Мұндай төтенше жағдайлардың барлық ықтимал сценарийлері пысықталды.
Оқу-жаттығулар аяқталған соң практикалық іс-әрекеттерді талқылау мақсатында қорытынды жиын өткізілді.
ДЧС Ақмола облысы