Еріктілер арасынан үздік команда анықталды

Еріктілер арасынан үздік команда анықталды

Ақмола облысында азаматтық қорғау саласына тартылған еріктілердің өңірлік форумы өткізілді.

          Форум аясында 4 команда өрт эстафетасы және алғашқы көмек көрсету бойынша жарыстарға қатысты. Қатысушылар кедергілер жолағын еңсеріп, шартты жәбірленушіні тасымалдады, көмек көрсету қабілетін көрсетті. Бұл іс-шара еріктілер қозғалысын дамытуға, сондай-ақ ТЖ органдарына қолдау көрсететін еріктілер арасында кәсіби дағдыларды игеруге бағытталған. Жарыс қорытындысы бойынша Ақмола облысы ТЖД дипломымен марапатталған "Доброе сердце" командасы жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, форум аясында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренинг өткізілді.

 

Ақмола облысы ТЖД