Батырлардың ғасырлар бойғы ерліктері

Батырлардың ғасырлар бойғы ерліктері

"30 игі іс" акциясы аясында Ақмола облысының ТЖ департаменті Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан құтқарушыларды еске алу кешін өткізді.

          Құтқарушы мамандығының ерлігіне арналған іс-шара, ең алдымен, азаматтық қорғау қатарында қызметті таңдаған жас ұрпаққа арналған. Кездесу барысында ТЖ органдарының ардагерлері естеліктерімен, көрсеткен ерліктерінің мысалдарымен бөлісті.

          Жас қызметкерлерге адамдарды құтқарып, өмірін қиған Асқар Забикулиннің ерлігі туралы еске салынды. Ол туралы батырмен бірге оқыған Әліби Сәрсенбай айтып берді. Ол қайтыс болған жолдасының жас құтқарушылар үшін үлгі болуы керек екенін атап өтті.

          Іс-шараның барлық қатысушылары Көкшетауда, алеяда орналасқан Асқар Забикулин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Ақмола облысы ТЖД