Ақмола облысы ТЖД күштерімен "орталық базар" сауда үйінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
112 пультке асхана орналасқан "Орталық базар" сауда үйінің үшінші қабатында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Департаменттің жеке құрамы осындай объектілердегі өртті сөндіру кезінде іс-қимылдарды пысықтады.
Сауда үйіне келушілерді эвакуациялау, шартты түрде зардап шеккендерді құтқару жүргізілді. Ғимараттың төбесіне су беру жөніндегі іс-қимылдар, жедел штабтың, уомандалық-штабтық машинаның жұмысы, басқа қызметтермен іс-қимылдарды үйлестіру пысықталды. Оқу-жаттығуға ТЖД жеке құрамының 35 адамы және 10 бірлік техника қатысты. Сонымен қатар, жедел жәрдем экипаждары, полиция және қалалық электр желілерінің қызметкерлері тартылды.
Ақмола облысы ТЖД