Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы Ақмола облысы ТЖ департаментінде салтанатты түрде атап өтілді.
Еліміздің Негізгі Заңына арналған іс-шара Көкшетау қаласының МӨСБ-2 акт залында өтті. Мерекемен жеке құрамды Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов құттықтады. Ол бұл күн мемлекет үшін ең маңыздылардың бірі екенін атап өтті. Рәсім барысында бірқатар қызметкерлерге қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары кәсібилігі және борышына адалдығы үшін кезектен тыс арнайы атақтар берілді. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен құтқарушылар қызметке адалдығы, бастамашылдығы және жауапкершілігі үшін ҚР ТЖМ алғыс хаттарымен марапатталды.
Азаматтық қорғау ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Бақытжан Алашов алғыс хаттарды табыстай отырып, олардың еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол ұзақ жылдар бойы ТЖ органдарында жұмыс істегендерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне баса назар аударды.
Ақмола облысы ТЖД