Өрт-құтқару спорты бойынша жолдастық турнир

Өрт-құтқару спорты бойынша жолдастық турнир

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына, Жұмысшы мамандықтары жылына және Спорт күніне орай Көкшетау қаласында МӨСБ-2 базасында өрт-құтқару спортынан турнир өтті.

Жарысқа Астана, Петропавл және Көкшетау қалаларының құрамаларынан 40 спортшы қатысты.

Сайыстар екі жарыс түрі бойынша өткізілді: шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағы.

Оқу мұнарасының 4-қабатына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша ең үздік нәтижені Қайсарбеков Жасұлан (Солтүстік Қазақстан облысы) көрсетті —13,75 сек.

100 метрлік кедергілер жолағын ең жылдам еңсерген Шамшоллаев Ансар (Солтүстік Қазақстан облысы) —16,58 сек.

Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Жарыстың басты мақсаты — азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру. Шара жастарды осы салада оқуға әрі еңбек етуге тартуға және жұмысшы кәсіптеріне деген қоғам көзқарасын өзгертуге бағытталған.