2-МӨСБ ғимаратында еңбек инспекциясы мен газ қызметі мамандарының қатысуымен дәріс сабақ өтті.
Іс-шара барысында еңбек қауіпсіздігі, газ жабдықтары мен газ жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелеріне қатысты негізгі мәселелер қаралды.
Еңбек инспекциясы мамандары қызметтік міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын, өндірістік жарақаттардың алдын алу шараларын және еңбек қауіпсіздігі нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салды.
Газ қызметі өкілдері газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, газдың ағу белгілері, апат жағдайындағы әрекет ету алгоритмі және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібі жөнінде толық ақпарат берді.
Өткен сабақ жеке құрамның білім деңгейін арттыруға, профильдік қызметтермен өзара іс-қимылды жақсартуға және күнделікті қызметте қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңыздылығын тағы бір еске салуға мүмкіндік берді.