Балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу

Балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу

Осы тақырыпта Ақмола облысының Өңірлік коммуникация қызметі базасында брифинг өтті.

          ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Данияр Карваевтың мәліметінше, ағымдағы жылдары өңірде 10 бала терезеден құлаған. Терезеден құлау кезінде қаза болу мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында ТЖ департаменті облыс өңірлерінде алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, 2025 жылдың өткен кезеңінде 9917 жадынама таратылды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына терезеге 216 қорғаныс құралы орнатылды. Білім  бөлімдерімен жиналыстар өткізілді, онда жас балаларға бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар енгізіледі.

          Брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД қызметкері қауіпсіздік ережелерін тағы да жеткізіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Ақмола облысы ТЖД