Педагогтар мен балаларға қауіпсіздік туралы айтылды

Педагогтар мен балаларға қауіпсіздік туралы айтылды

Зеренді ауданында орналасқан «Парус» балаларды сауықтыру орталығында «Климат күтпейді» атты оқушылар мен педагогтарға арналған Жазғы климаттық лагерь өтіп жатыр.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 60-қа жуық оқушы қатысып жатқан бұл ауқымды іс-шара аясында Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Балаларды алып жүрген педагогтар үшін арнайы дәріс ұйымдастырылды.

Теориялық бөлімнен бөлек, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетіп, балаларды жедел-құтқару жасағының жабдықтарымен және жұмысымен таныстырды. Лекциялар тәжірибелік жаттығулармен қатар жүріп, оқушылардың қызығушылығын оятты.

Іс-шара соңында құтқарушылар шартты зардап шеккен адамды судан құтқару тәсілін көрсетті.

Мұндай жұмыстар бұған дейін де бірнеше рет өткізілгенін атап өткен жөн. Балаларға арналған сауықтыру лагерьлері — құтқарушылар үшін басты мақсатты аудиториялардың бірі.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі