Ақмола облысының ТЖ департаменті судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Кезекті профилактикалық рейд Зеренді көлінде өткізілді. Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері демалыс күндері демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, Зеренді ауданының қонақтары мен тұрғындарымен ауызша әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, ескерту жұмыстары патрульдік қайықтың бортынан жүргізілді: дауыс күшейткіш арқылы қызметкерлер судағы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертті.
Балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. ТЖД қызметкерлері азаматтарды мас күйінде суға түспеуге қатаң түрде шақырды.
Ақмола облысының ТЖ департаменті