Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аудит ұйымдарының басшылары мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің (МЕӨҚҚ) өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит және МЕӨҚҚ объектілерін қорғау».
Іс-шара мақсаты: мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметінде кездесетін өзекті мәселелерді талқылау, анықталған бұзушылықтарды жоюдың тиімді тәсілдерін іздеу, сондай-ақ қарамағындағы нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауды күшейту.
Кеңесті аша отырып, Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашев «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының іске асырылу барысын еске салды. Оның айтуынша, жыл соңына дейін өңірде 41 ерікті өрт сөндіру бекетін (ЕӨСБ) құру жоспарланып отыр.
Кеңес барысында қатысушылар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі артып келе жатқан рөлі мен жауапкершілігін талқылап, пікір алмасты.
Ақмола облысы ТЖД