Көкшетауда Қазақстан қалаларының командалары арасында ең үздік құтқарушылар жасағы атағы үшін сайыс жалғасуда.
Жарыстың бірінші күні қатысушылар «Визит карточкасы» байқауына қатысып, өздерінің шығармашылық таланттарын қоса отырып, өздері туралы айтты. Сонымен қатар «Өрт эстафетасы» - кедергілері бар командалық жарыс өтті, онда эстафеталық таяқшаның рөлін өрт оқпанының элементі атқарады.
Слеттің екінші күні «Газет-билборд» байқауынан басталды, онда балалар өздерінің көркемдік дағдыларын суреттерді орындау арқылы көрсету қажет болды, онда басты мотив – өрт сөндіруші мамандығы.
Жас құтқарушылар «Алғашқы көмек көрсету» байқауында зардап шеккендерге көрсетілген алғашқы көмекті паш етті.
Республикалық слеттің екінші күнінің соңында төрт байқаудан кейін көшбасшылар үштігіне мына командалар кірді: слет иелері-ақмолалық балалар ең көп балл жинады, одан кейін Жетісу облысының жас құтқарушылары, қарағандылықтар мен Астана өкілдері үшінші орынды иеленді.
Алайда алда ең қиын конкурстардың бірі – «Техногендік авария аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары» (жауынгерлік қанат жаю), су кедергісінен өту және «су айдынындағы құтқару жұмыстары» бар.
Әрбір команданы қабылдаушы тарап өкілдерімен бірге балалардың тұрмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ересек тәлімгерлер алып жүретінін еске салған жөн.