Аршалы ауданына қарасты Константиновка ауылында ерікті өртке қарсы құрылымның (ЕӨҚҚ) өрт сөндіру бекеті ашылды.
Бұл ауылдық жерлердегі ерікті өртке қарсы құрылымдарды дамытуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасының аясында жүзеге асырылған маңызды қадам болды.
Жаңа өрт сөндіру бекеті 1500-ден астам тұрғыны бар үш елді мекенге және жалпы ауданы 2500 гектарды құрайтын орман қорына өртке қарсы қорғаныс қызметін көрсететін болады.
Бекеттің маңыздылығы — Константиновка ауылының аудан орталығынан шамамен 60 км қашықтықта орналасуында, бұл жергілікті деңгейде жедел әрекет ететін күштердің қажеттілігін арттырады.
Ақмола облысы ТЖД