Жеңіс үшін алғыс!

Жеңіс үшін алғыс!

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде халықаралық жекпе-жек жарыстарынан жеңіспен оралған қызметкерлерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

ДЧС қызметкерлері — Анас Нұркеш, Қаден Айбек және Мұсабек Ерназ Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен ММА бойынша “GAMMA” әлем чемпионатында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, әрқайсысы жүлделі орындарға ие болды. Бұл — BATYR TEAM клубы құрылғаннан бергі кезекті үлкен жетістік.

Салтанатты шара барысында спортшыларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов жеңімпаздарды құттықтап, департаменттің болашақта тек жекпе-жек түрлерін ғана емес, өзге де спорт бағыттарын дамытуға ниетті екенін атап өтті. Ол спортшыларға ел мен ведомство абыройын арттырғаны үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде спортшылар көрсетілген қолдау үшін департамент басшылығына және жаттықтырушыларына алғыстарын білдірді. Әлем чемпионатына қатысушылардың бапкерлері де назардан тыс қалған жоқ – оларға алғыс хаттар табысталды.

Алда – жаңа жарыстарға дайындық. Жаттықтырушылар мен спортшылар тың күшпен жаңа белестерге ұмтылуға дайын.

Ақмола облысы ТЖД