Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің балалары жаттығатын BATYR TEAM KIDS балалар клубының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында балалар арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті.
Жарысқа өңірдің 7 спорт клубынан 100-ге жуық бала қатысты. Турнирдің ашылуында Ақмола облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Александр Чистяков қатысушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде спортты дамыту – ересектермен қатар балалар арасында да басты назарда екенін атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте BATYR TEAM KIDS тәрбиеленушілері бірінші орынды иеленді. Олар халықаралық ареналарда биіктерді бағындырған ағалары BATYR TEAM клубының игі дәстүрін лайықты жалғастырып келеді.
Ақмола облысы ТЖД