Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің ауылдық аймақтарда ерікті өрт сөндіру құрылымдарын (ЕӨСҚ) дамытуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Ақмола облысының құтқарушылары Бұланды ауданының Отрадное ауылында еріктілерді оқытуды өткізді.
Макинск қаласының әмбебап өрт-құтқару бөлімінің кәсіби өрт сөндірушілері өрт сөндіру әдістерін іс жүзінде көрсетіп, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Еріктілер өрт сөндіру нормативтерін орындап, өртті сөндіру дағдыларын жетілдірді.
Айта кетейік, ТОО «Журавлевка-1» базасында құрылған ерікті өрт сөндіру құрылымы жуырда ғана ашылған болатын. Бүгінде ол алты елді мекен мен оларға іргелес орман алқабындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.
Ақмола облысы ТЖД