Көкшетауда профилактикалық рейд өтті

Көкшетауда профилактикалық рейд өтті

Жүзу маусымының басталуына және ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қала тұрғындары жиі шомылатын Копа көлінің жағалауында рейд жүргізді. Құтқарушылар демалушыларға суда қауіпсіздік сақтау туралы жадынамалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ТЖД қызметкерлерімен бірге рейдке Қазақстан Халық партиясы Ақмола облыстық филиалының Жастар қанаты да қатысты. Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударылды.Құтқарушылар тобын катер сүйемелдеп жүрді, ол арқылы дауыс зорайтқышпен судағы тәртіп ережелері еске салынды. Айта кетейік, биыл Көкшетауда жаңа жағалау ашылып, шомылуға жарамды орындар айтарлықтай көбейді. Рейд бүкіл жағажай бойымен жүргізілді.

Ақмола облысының ТЖД