Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінде BATYR TEAM спорт клубының жауынгерлерімен кездесу өтті.
Спортшылар алдағы айларға арналған жоспарларымен бөлісті.2025 жыл BATYR TEAM мүшелері үшін табысты өтіп жатыр: олар әртүрлі деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысып, жеңіске жетуде. Жас спортшылар – BATYR TEAM KIDS те үлкен дайындық деңгейін көрсетіп келеді.
Алайда, ақмолалық спортшылар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Келесі айда Бразилияда өтетін халықаралық GAMMA MMA турнирінде Қазақстан құрамасы сапында клубтың үш өкілі бақ сынайды. Қазір олар қарқынды дайындық үстінде.
Бұл туралы құраманың бапкері Ілияс Сарғазин Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашовпен өткен кездесуде айтты. Өз кезегінде департамент басшысы спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін ұйымдастырылатын қоян қолтық ұрыс бойынша екінші турнирге дайындық барысы талқыланды. Еске салайық, өткен жылы бұл турнир Көкшетауда өтіп, онда азаматтық қорғау қызметкерлерінен құралған ақмолалық спортшылар жеңімпаз атанған болатын.
Ақмола облысы ТЖД