Төтенше жағдайлар кезіндегі байланыс сапасын арттыру

Төтенше жағдайлар кезіндегі байланыс сапасын арттыру

Төтенше жағдайлар кезінде үздіксіз байланыс пен тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысы ТЖД командалық-штабтық машинасын (КШМ) жұмылдыру алгоритмін пысықтау бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.

КАМАЗ базасындағы командалық-штабтық машина — түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде күштер мен құралдарды орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи байланыс және басқару құралдарымен жабдықталған мобильді кешен.

Оқу барысында КШМ экипажы дабыл сигналы алынған сәттен бастап оқиға орнына жетіп, жедел штабпен тұрақты байланыс орнатуға дейінгі барлық әрекеттер ретін пысықтады. Ерекше көңіл регламенттерді сақтауға, жабдықтарды техникалық қызмет көрсетуге, экипаж ішіндегі және сыртқы қызметтермен тиімді коммуникация орнатуға бөлінді.

Мұндай жаттығулар бөлімшелердің нақты жағдайларда жедел әрекет ету қабілетін арттырып, әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Ақмола облысы ТЖД