
Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында балалар үшін жарқын әрі әсерлі мереке өтті — Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған республикалық «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» акциясы.
Мереке басталған сәттен-ақ кішкентай қонақтарды құтқару және өрт сөндіру техникаларының қызықты көрмесі қарсы алды. Балалар өрт сөндіру машиналарының ішіне кіріп көріп, дулығаларды киіп, гидравликалық қайшылар мен басқа да авариялық-құтқару құралдарын қолдарымен ұстап көрді. Департамент мамандары өрт қауіпсіздігі ережелері мен судағы қауіпсіздік туралы ақпаратты балаларға түсінікті әрі қызықты түрде жеткізді.
Мерекелік көңіл-күйді аниматорлар мен «Думан» педагогикалық отрядының көңілді тәлімгерлері қыздырды — олармен бірге балалар би билеп, ән айтып, түрлі сайыстар мен көңілді флешмобтарға қатысты. ДЧС психологтары да шет қалмай, балалармен қызықты тренингтер өткізіп, өзіне сенімділік пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектесті.
Ал мереке мұнымен тоқтаған жоқ! Балалар қауіпсіздік күні аясындағы іс-шаралар ТЖД жедел-құтқару станциясында жалғасын тапты. Бұл жерде бүлдіршіндерді шынайы шытырман оқиғалар күтіп тұрды — құтқарушылар жеке паромда серуендеу! Желмен жарыса жүзіп, шашыраған судың тамшылары мен балалардың қуанышқа толы көздері бұл күнді ұмытылмас естелікке айналдырды.
Бұл күн – шаттық пен білімге толы, әсерлі мереке болды. Ол бәрімізге балалардың қауіпсіздігі мен оларға деген қамқорлық — тек міндет емес, жүрек ісі екенін тағы бір мәрте еске салды.
Ақмола облысы ТЖД