ТЖМ Экология министрлігіне Абай облысындағы табиғи өртті жоюға көмекті күшейтуде

ТЖМ Экология министрлігіне Абай облысындағы табиғи өртті жоюға көмекті күшейтуде

  Бүгін күндіз Абай облысының Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Қоянбай ауылында құрғақ шөптің жануы орын алды. 26 м/с дейін екпінді жел өрттің тез таралуына ықпал етті. Дала өрті ішінара ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Семей орманы" МОТР Морозов филиалының орман алқабына өтті.

  Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша өрт орнындағы құтқарушылар тобы "Семей орманы" бөлімшелерін қолдау және өртті жедел жою үшін күшейтілді.

  Жұмысты үйлестіруді ТЖМ Командалық орталығы, жедел штабты вице-министр Батырбек Әбдішев басқаруда. Өрт орнына өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев дереу шықты.

  Сөндіруге Абай облысы, Павлодар облысы ТЖД, "Семей орманы" және "Ертіс орманы" орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 240 адам және 96 бірлік техника тартылды. Облыстың ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовтың қатысуымен әуеден барлау жүргізілуде.

  ТЖМ өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін Экология министрлігіне отпен күресте жан-жақты көмек көрсетуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай үнемі бақылауда.