Абай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында Департаменттің бастамасымен Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі А. В. Штыкельдің төрағалығымен Абай облысы бойынша ҚР БП ҚСжАЕКД азаматтық және әкімшілік саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы әділет кеңесшісі Е. М.Урпеков пен бөлім инспекторы А.М. Әлімбектің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинарға бейне конференц-байланыс арқылы Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің инженерлік-инспекторлық құрамының 49 қызметкері қатысты.
Семинар барысында прокуратура органдарының қызметкерлері заңнамаға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік заңнамасы мен тексерулерінің арнайы дерекқорларын жүргізу қағидаларына енгізілген жаңалықтарды жеткізді.