Медицина қызметкерлеріне қауіпсіздік мәдениеті туралы айтылды

Медицина қызметкерлеріне қауіпсіздік мәдениеті туралы айтылды

Департамент қызметкерлері "Семей медицина университеті" КЕАҚ УГ медицина қызметкерлеріне профилактикалық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты медицина қызметкерлерінің жер сілкінісі мен судағы қауіпсіздік ережелері туралы хабардарлығын арттыру болды.

Сабақ барысында тыңдаушыларға жер сілкінісі белгілері кезіндегі алғашқы іс-қимылдар және пациенттерді қауіпсіз эвакуациялау тәртібі туралы түсіндірілді.  Қызметкерлер өз әңгімелерінде эвакуациялау жаттығуларының және медициналық қызметкерлердің әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығын тексерудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, қызметкерлер судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салып, аудиторияның назарын құтқару кеудешелерін пайдалануға және бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылудан аулақ болуға аударды.

Өткізілген сабақ тыңдаушыларға төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдыларды жаңартуға мүмкіндік берді. Қатысушылар жер сілкінісі мен судағы қауіпті жағдайларда тиімді әрекет жасауға қатысты тәжрибелік нұсқаулар алды.

 Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі