Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде

Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде

2024 жылдың 30 сәуірінде Абай облысының ТЖД Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара өтті.

Департамент бастығы Манарбек Шапағатов өзінің құттықтау сөзінде ұжымды мерекемен құттықтап, қызметкерлерге осы мерекеге қатысқаны үшін алғысын білдіре келе: "Қазақстан халқының бірлігі күні — елімізде тұратын халықтар достығы мен ынтымақтастығының символы, бұл адамдарды біріктіруге арналған жасампаз мереке. Кез келген ұлт пен ұлысқа құрмет көрсету елімізге достық және заманауи мемлекет мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді" деп атап өтті.

Мерекелік күннің бағдарламасына сәйкес департамент қызметкерлері түрлі ұлттардың костюмдерін киіп, мерекеге ерекше сипат берді. Іс-шара барысында қонақтар мен қатысушылар орыс, грузин, кәріс және қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

Көрермендерге қазақстандықтардың тату отбасындағы әрбір халықтың дәстүрлі мәдениетімен, тұрмыстық ыдыстарымен, дәстүрлерімен, киім-кешек және зергерлік бұйымдарымен, сонымен қатар бірегей дүниетанымымен танысуға мүмкіндік берілді.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі