
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Абай облысы ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тексеру және жеке құраммен кездесу мақсатымен, сондай-ақ, азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы жағдайлардағы жұмысын тексеру үшін Курчатов қаласына барды.
Жұмыс сапары барысында Департамент басшысы қала әкімімен кездесіп, ұйымдар мен мекемелердің қысқы және су тасқыны кезеңдеріндегі ТЖ алдын алуға және жоюға дайындығының жай-күйі мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, сапар аясында Манарбек Шапағатов қала активіне Курчатов қаласының ТЖ бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Амангелді Жанболатұлы Құрмантаевты таныстырды.
Амангелді Құрмантаев жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Абай облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.
Сапар соңында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және қызметкерлер арасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау жөніндегі жұмысты күшейту мәселелері бойынша тапсырмалар берілді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі