
2023 жылғы 3 шілде күні «101» пультіне Ақсуат ауданының Шыбынды ауылында асфальт зауытында битум жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жолға шықты.
Келгеннен кейін өрт сөндірушілер зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатқанын анықтады. Жалпы көлемі 10 тоннаны құрады.
Өртті көбікпен сөндіруге кіріскен өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде сөндірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.
Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салады!
Сақ болыңыздар! Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлері бойынша хабарлаңыз.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі